Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ газ және электр энергиясы нарықтарын құру 2025 жылы аяқталады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихаты барысында айтылды. Электр қуаты бойынша тиісті хаттамаға 2019 жылы қол қойылса, көгілдір отынға қатысты келісімшарт жасасу келесі жылға межеленген. Қазір бұл құжаттар пысықталып жатыр. Оның екеуі де 2025 жылдан заңды күшіне еніп, толыққанды іске қосылатын болады. Сондай-ақ, аталған кезеңде одақ елдері мемлекеттік сатып алулар саласындағы цифрландыру үдерісін аяқтауды көздеп отыр. Спикерлер бұл орайда елдер арасында өзара танылатын электронды-цифрлық қолтаңба енгізу мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.
Арман Шаққалиев, Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі мүшесі:
- Сатып алу өткізілетін елге барудың, филиалдар немесе өкілдіктер ашудың қажеті жоқ. Біз мемлекеттік сатып алуды цифрландырудың деңгейлері әртүрлі екенін негізге аламыз. Екінші мәселе электрондық цифрлық қолтаңбалардың түпнұсқалығын растау және бірқатар техникалық аспектілер. Бүгінде консультациялар қарқынды түрде өткізіліп жатыр. Бұл мәселені жүзеге асыру қажеттілігі туралы нақты түсінік бар. Бірінші жартыжылдықта каскадтық жоспар деп аталатын елдік ауысуларды қарастыратын жоспарлар бар.
Автор: Жеңіс Ермұқанов