Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру көлемін арттырады. ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы ОПЕК+ қатысушы елдерінің отырысы аясында белгілі болды. Ведомство басшысы Қазақстан өз міндеттемелерін орындауға дайын екенін растап, еліміз алдағы айларда өндірісті біртіндеп арттыруға келісетінін атап өтті.
Айта кетейік, отырыста экспорттаушы елдердің мұнай өндіру деңгейін келісімге қатысушылар шектеулерді алып тастағанға дейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылданды. Осылайша Қазақстан үшін квота қазан айында 1,5 млн баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады.
Авторы: Гүлбану Тәжібек