ҚР Премьер-министрі сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселесін талқылады

ҚР Премьер-министрі сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселесін талқылады

Қазақстанда үлкен деректерді талдау жүйесі ендірілмек. Оған 55 мемлекеттік деректер базасы жүктеген. Жыл соңына дейін бұл қатар 100-ге дейін артады. Қаржы министрлігінің дерегінше, қазір 569 мың заңды тұлғаның және 1,8 млн астам жеке кәсіпкерлердің профилі жасалды. Цифрландырудың арқасында салық төлеушіге еңбекақы қорын, уақытша жұмысшылар санын, салық салу нысандарын, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары сынды басқа да толық мәліметтерді алуға болады. Сондай-ақ, бизнесті тіркеуге бақылауды күшейту ұсынылып отыр. Мәселен Face ID жүйесі арқылы кәсіпкерлерді сәйкестендіру шаралары қарастырылуда. Сонымен қатар, жалған тұлғалардың атына тіркелу қаупін азайту үшін ақпарат тексерілетін болады. Елімізде саладағы енді бір цифрлық шешім ретінде тәуекелі жоғары салық төлеушілердің электронды шот-фактура жүйесінде биометриялық сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде Тemu, Pinduoduo және Alibaba Group сияқты 100 астам онлайн сауда платформасы салықтық есепке алынды.

Әсет Тұрысов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- «Е-Тамга жобасы» қосымша құн салығын әкімшілендіруді болжайды және расталмаған заңды шығыстары немесе теріс балансы бар тәуекелді төлемеушілерге электронды шот фактура жазып беруге жол бермеу қамында олардың онлайн режимде шығарылымын бұғаттауға мүмкіндік береді. Қаржы министрлігі жаңа салық кодексіне қатысты барлық қажетті жобаларды, оның ішінде қосымша құн салығын әкімшілендіруді қолдау үшін сандық шешімдер бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын.

Премьер-министр салық реформасына қатысты Президенттің тапсырмасын іске асыру аясында ұсынылған шаралар жұртшылықпен, бизнес өкілдері және сарапшылармен белсенді түрде кеңінен талқыланып жатқанын атап өтті. Ұлттық экономика, Қаржы вице-министрлері бастаған жұмыс топтары барлық өңірді аралап, талдау және өңдеу үшін ұсыныстар жинады. Сарапшылардың пікірінше, сараланған қосымша құн салығы және есепке қою шегін төмендету Ұлттық қорға тәуелділікті азайтып, инфрақұрылымды дамытуға қосымша қаражат жұмсауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, арнайы салық режимдерінің санын 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқартуды көздейді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?