ҚР Ұлттық банкі теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуын шектеу шараларын жүргізіп жатыр

ҚР Ұлттық банкі теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуын шектеу шараларын жүргізіп жатыр

Инфляцияға тосқауыл. ҚР Ұлттық банкі теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуын шектеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында аталмыш қаржы институты төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді. Оның айтуынша, квазимемлекеттік субъектілерінің валюталық түсімді міндетті сату мөлшері 75%-ке дейін ұлғайды. Инфляцияға қарсы саясатты күшейту үшін Үкімет Ұлттық банкпен «2022-2024 жылдарға арналған инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі жаңартылған шаралар кешенін» іске асырып келеді. Геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты жаһандық қаржы, тауар нарықтарында бұрын-соңды болмаған өзгерістер аясында ұлттық валютаның айырбас бағамы биыл 15 наурызда ең жоғары деңгейде 512 теңге 17 тиынға дейін әлсірегені белгілі. Бірақ 19 сәуірге қарай 443 теңге 85 тиынға дейін нығайып, шығынның қомақты бөлігін жапты, деді Ұлттық банк өкілі.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов