Маңғыстау облысындағы арнайы экономикалық аймақтарда 40-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның 28-і Ақтау теңіз портының аумағында орналасқан. Олардың жалпы құны шамамен 758 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, өңірдегі тағы бір аймақ – Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркінде 13 жоба жүзеге асырылуда. Мұнда көмірсутек шикізаты терең өңделіп, сондай-ақ, қосылған құны жоғары кең бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімдері шығарылатын болады. Аймақта интеграцияланған газ-химия кешенінің, пластмассадан орау бұйымдарын өндіру мен полимерден бұйымдар өндіру зауыттарының және өзге де өндіріс орындарының құрылысы жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, арнайы экономикалық аймақ Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше серпін беретінін айтады.