Жыл
басынан бері Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция шамамен 12,5%-ке
өсті. Ақшалай көлемде 7 айда ол 8 трлн теңгеден
сәл асты. Мұндай
мәліметтерді Ұлттық
статистика бюросы жариялады. Қаражаттың басым
бөлігі шамамен 4 трлн-ы өнеркәсіп, 1,5
трлн-ы жылжымайтын мүлік операцияларына, 966
жарым миллиард теңгеден астамы көлік
пен қоймаға тиесілі. Бұл ретте негізгі қаражат шағын кәсіпорындарға
салынды. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар
және Қызылорда облыстарында байқалды. Ал ең аз
көрсеткіш Атырау,
Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Ұлытау облыстарында.