Қырғызстандағы Сары-Тоо таулары туристер үшін тартымды мекенге айналды

Қырғызстандағы Сары-Тоо таулары туристер үшін тартымды мекенге айналды

Қырғызстандағы Сары-Тоо таулары көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Түрлі реңк беріп, сары, қызғылт, жасыл және сары түстерге көмкерілген бұл бірегей мекен әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшыларды тартады. Сондай-ақ, көздің жауын алатын тау жоталары археологиялық олжаларға бай. Ерекше түсі шөгінді, метаморфикалық және жанартау жыныстарының нәтижесі. Геологтар бұл жерді ашық аспан астындағы музей деп атайды. Бұл тарихы 240 млн жылдан асатын Орталық Азияның ежелгі құрылымдарының бірі.


Лада Хасанова, Ұлы жібек жолы дәліздерінің мәдени мұра жөніндегі гиді:


- Бұл сирек кездесетін бірегей жерлердің бірі. Біз осы аймақтан шықпай-ақ, жердің бүкіл геологиялық тарихын бақылай аламыз. Біз мұнда не көріп отырмыз? Біз мұнда түрлі-түсті ғажайып жартастарды тамашалай аламыз. Бұл әсем көріністің бәрі көне палеонтологиялық Фергана теңізінің түбі.


Сары-Тоо таулары Мадыген геопаркіне кіреді. Ол сегіз мың гектардан астам аумақты алып жатыр және ресми түрде табиғат ескерткіші болып танылды. Мұнда халықаралық экспедициялар ұйымдастырылады, жаңа экобағыттар құрылады. Көрме алаңдары пайда болды. Туристерге арналған инфрақұрылым дамып келеді.


Ханс Шульц, турист, Жаңа Зеландия:


- Өте әдемі. Маған бұл жер өте ұнайды. Әсем көріністеріне тәнтті болдым. Бұл жерде шын мәнінде бәрі бар. Таулармен қатар, жайқалған ну ормандарды кезіктіруге болады. Ауыл шаруашылығымен таныстым. Өткеннен сыр шертетін ғажайып мекен.  


Қырғызстанның Баткен өңіріндегі тауларда тарихи жәдігерлер жиі табылады. Мұнда млн жастан асқан теңіз жәндіктерінің қалдықтарын кезіктіруге болады.  Геологтардың пікірінше, су деңгейінің немесе температураның күрт өзгеруінен кейін олар жаппай жойылып, қабыршақтары шөгіп, болашақ таулардың іргесін құрған. Мадыген ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне кіру үшін өтінім бермек. Бұл мәртебе Қырғызстанға геомұраның әлемдік картасына ресми түрде қосылуына мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?