Қазақстанның цифрлық шешімдері жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті. Тек былтыр отандық IT-қызметтердің экспорты 529 млн долларды құраған. Биыл жарты жылда оның көлемі АҚШ валютасында 300 млн асып жығылған. 2026 жылға қарай көрсеткішті 1 млрд долларға жеткізу межеленген. Бүгінде сандық өнімдеріміз әлемнің 86 еліне экспортталады. Бұл ретте халықаралық әріптестік аясы кеңейіп келеді. Елімізде жергілікті стартапшыларға Кремний алқабының жетекші сарапшылары және инвесторларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін акселерациялық бағдарламалар іске қосылды. АҚШ, Сауд Арабиясы және Сингапурде біздің үш халықаралық IT-хаб табысты жұмыс істеп тұр.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Қазақстан жасалған венчурлік мәмілелер көлемі бойынша өңірдің көшбасшысы болып табылады. Өткен жылы ғана венчурлық мәмілелер сомасы 80 млн АҚШ долларына жетті. Citix, Hero's Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялар айтарлықтай инвестициялар тартты. Осы компаниялардың кейбіреуі 100 млн АҚШ долларлық бағалауға қол жеткізді. Бұл жетістіктер Қазақстанның өңірдегі инновациялардың негізгі орталығына айналғанын растайды.
Елге әлемнің түкпір-түкпірінен талантты мамандарды тарту үшін де қолайлы жағдайлар жасалуда. Осыған орай келесі айда Digital Nomad Residency бағдарламасы қолданысқа берілмек. Ол онлайн режимде тұруға рұқсат алу рәсімін жеңілдетеді. Еске салайық, бұған дейін IT-мамандарға арналған арнайы виза - Digital Nomad Visa іске қосылды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

