Қазақстандық банктердің агроөнеркәсіп кешеніне берген несиелерінің көлемі 16%-ке өсті. Финпром порталының хабарлауынша, биылғы жылдың қаңтар–маусым айларында ауыл, орман және балық шаруашылығына бағытталған несие көлемі 156 млрд теңгеден асқан. Өңірлер бойынша, биылғы жылдың алты айында берілген ауылшаруашылық кредиттердің көбі Алматы қаласына тиесілі - 73 млрд теңгеге жуық. Үздік үштіктегі Қостанай облысына - 19,7 млрд теңге және Солтүстік Қазақстанға 13 млрд теңгеден астам соманың кредиттері бөлінген. Айта кетерлігі, енді ауыл тұрғындары да ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін шағын несие ала алады. Бұл үшін 40 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған.