Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше алғашқы кезеңде екі жарым мың өтінішті қанағаттандыру көзделген. Грант мөлшері 1 млн 380 мың теңгені құрайды. Әрбір қатысушы оны тек бір рет қана ала алады. Бұл қаржы тек жаңа істі бастауға ғана емес, кәсібінің іргесін кеңейту үшін беріледі. Ерекше қажеттіліктері бар жандар, «қандас» мәртебесі берілген адамдар, өңіраралық қоныс аударушылар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ әлеуметтік санаттарға жататын ел азаматтары мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Бұл ретте үміткерде «Бизнес Бастау» жобасы аясында кемінде 3 жыл кәсіпкерлік негіздеріне оқыды деген сертификаты болуы тиіс. Грант алуға өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» бірыңғай терезе-портал арқылы жүзеге асырылады.