Қазақстанда 2025
жылы араб инвестициясының қатысуымен жаңартылатын энергия көздерінің жаңа
нысанының құрылысын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда бұл - Жетісу облысында
қуаттылығы 1 ГВт болатын станция. Қазіргі таңда тараптар жобаларды жүзеге асыру
мәселесін талқылауда. Үкіметте өткен жиында Әлихан Смайылов Сауд Арабиясымен
бірлескен барлық инвестициялық жобалардың рәсімдерін үйлестіруді жандандыруды
тапсырды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және металлургия салаларына
қатысты жұмыстар. Сондай-ақ сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Жиддадағы
дипломатиялық өкілдігі, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы және басқа да мүдделі
мемлекеттік органдар мен ұйымдар белсенді позицияны ұстануы, сондай-ақ әлеуетті
жобалар пулын мұқият зерделеу қажет деп қосты Үкімет басшысы. Премьер-Министр
Үкіметаралық комиссияның таяуда болатын отырысы қарсаңында екі ел
кәсіпкерлерінің қатысуымен тақырыптық бизнес-форум ұйымдастыруды тапсырды.