Қаржының басым бөлігі өнеркәсіпке, жылжымайтын мүлікке, көлік пен қоймаға бағытталды. Бұл ретте негізгі қаражат шағын кәсіпорындарға салынды. Өңірлерге келер болсақ, еліміздің 20 өңірінде негізгі капиталға салынған инвестицияның өсімі байқалды. Атап айтқанда, 196 млрд теңгеден астам қаражат құйылған Түркістан көшбасында келеді. Кейін 338,4 млрд теңгемен Маңғыстау тұрса, Қызылордаға 121,5 млрд теңге қаражат тартылған. Ал, ең аз өсім Алматы, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарына тиесілі.