Туристік инфрақұрылымды, көлік логистикасы және цифрлық шешімдер мен қауіпсіздік жүйесін дамыту, сондай-ақ инвестициялар тарту. Қазақстанда Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді. Осыған бағытталған құжаттта жалпы құны 137 млрд теңгегенің 118 іс-шарасы қамтылған. Онда демалыс орнын жаңғырту көзделген. Соның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар салу, экологиялық және спорттық туризмді дамыту, жаңа рекреациялық аймақтар құрылысы жоспарланған. Мұнда көлдердің маңында балалар орталықтарын, спорттық-сауықтыру кешендерін және жыл бойы аквапарк ұйымдастыру және кемпингтер, глемпингтер қайық тұрағы мен өзгеде демалысты жайты ететін түрлі нысандар қарастырылып отыр. Қысқы демалыс түрлерін дамыту кеңінен жоспарланған. Олардың арасында шаңғымен сырғанау ерекше сұранысқа ие. Спорттық жабдықтарды жалға беретін, тамақтану орны мен кәдесый дүкендері бар шаңғы базасын ұйымдастыру көзделуде. Көлік инфрақұрылымы, визит-орталықтары, көпдеңгейлі тұрақтар және тамақтану пункттері салынады. Жоспарды іске асыру сырттан келетін туристер санын үш есеге ұлғайтып, қосымша инвестициялар ағынын тартады. Сондай-ақ, өңір экономикасындағы труизм үлесін еселейді деп күтілуде.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

