Қазақстанның құқықтық жүйесінің цифрлық трансформациясы. Елімізде
заң қызметтерiн көрсетудi оңтайландырып, неғұрлым ашық әрi қол жетiмдi ететiн
Ай-ти-шешiмдер енгiзiлуде. Бүгінде 350 мыңнан астам нотариаттық қызмет қашықтан
көрсетілді. Атқарушылық іс жүргізуді автоматтандыруға ерекше назар аударылады.
Өткен жылдың тамызынан бастап республикада «Цифрлық сот орындаушысы» жобасы
іске қосылды. Сандық үлгідегі көмекші қарызды өндіріп алу бойынша барлық
процессуалдық үрдістерді жүргізе алады. Жаңа жүйені ендіру қазақстандықтарға жеке сот орындаушыларының
комиссиялық алымдарын қоспағанда, 1 млрд-тан астам теңгені үнемдеуге мүмкіндік
берді. Сондай-ақ сот-сараптама қызметін цифрландыру үшін Әділет министрлігі
Е-Сараптама жүйесін әзірледі. Ол сараптама тағайындау мен жүргізудің толық
электрондық циклін қамтамасыз етеді.
Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет вице-министрі:
- Біздің е-нотари жобасымен әлемдік
нотариустар палатасының өкілдері арнайы келіп танысты. Яғни, отандық бастама халықаралық
әріптестердің қызығушылығын тудырып отыр. Еуропалық нотариаттық палата
өкілдерімен де жобаны ендіру тәжірибемізбен бөлістік. Жалпы біз е-гов
мемлекеттік қызметтері бойынша 8-ші орындамыз. Әділет саласы бойынша үздік он
елдің қатарына кіреміз. Цифрландыру өте маңызды. Мақсатымыз қызметтерді барынша
ыңғайлы ету.

