Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары аясында қол қойылған жаңа келісімдер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтады. Отандық сарапшылар осындай пікірлерімен бөлісті. Мәселен, әлемдегі ең ірі вольфрам кен орындарын бірлесіп игеру туралы уағдаластықтың маңызы зор. Олар - Қарағанды облысында орналасқан Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты. Вашингтондағы C5 + 1 саммиті аясында қазақстандық «Тау-Кен Самұрық» компаниясы мен америкалық Cove Capital тиісті келісімге қол қойды. Еліміздегі жаңа кенішке 1 млрд доллардан астам инвестиция салынбақшы. Кездесулерде негізінен жер бетінде сирек кездесетін элементтерге басымдық берілді. Яғни, бұл салаға қаржы құятын америкалық жаңа компаниялар келеді. Негізінен энергетика, тау-кен өнеркәсібі және инфрақұрылым салаларына бағытталған. Қазақстан АҚШ-қа өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруға уағдаласты.
Айнұр Тұқымова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық қауіпсіздік бөлімінің сарапшысы:
- Ол жерде бизнес конферециялар болды. Оларда көлік, логистика, жасанды инттеллект иновация және денсаулық сақтау саласында да көптеген келісімдерге келген. Көптеген инвестиция салу көзделген. Сондықтан да, әрине бұл саммит өте сәтті өтті деп айтуға толық негіз бар.

