Елордада Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауына қатысты exit poll дерегі жарияланды. Халықаралық «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер институты жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес:
Қарақат Әбден - 2,54 процент;
Нұрлан Әуесбаев - 2,17 процент;
Жигули Дайрабаев - 3,33 процент;
Мейрам Кажыкен - 2,23 процент;
Касым-Жомарт Тоқаев - 82,45 процент;
Салтанат Тұрсынбекова - 2,08 процент дауыс жинады.
Бюллетеньдегі «Бәріне қарсымын» нұсқасын сайлаушылардың 5,2 проценті таңдаған. Сондай-ақ институт дерегіне сәйкес сайлаушылардың қатысуы 68,7 процент шамасында болды.