Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» арнасына сұхбат берді.
Президент қаңтардағы жаппай бүліктің себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ сұхбат кезінде журналист: «Мемлекет басшысынан Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Ол тарихты жасап жатыр» атты кітапты жазғаныңызға өкінбейсіз бе?» деп сұрады.
Мемлекет басшысы: «Кітапты жазғаныма өкінбеймін, Тұңғыш Президенттің еңбегі туралы кітаптарға келсек, қазақта «Өткен іске өкінбе» деген сөз бар. Мен көптеген оқиғаға куә болған адаммын. Сондықтан қағазға түсіргенді жөн көрдім. Кітаптарым жоғары деңгейде жазылған. Бұл – оқырмандардың ой-пікірі. Менің пікірім емес. Мысалы, әлі күнге дейін студенттер кітаптан қажетті мағлұматтар алып жатыр» деп жауап берді.