Қазақстанда көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу көзделіп отыр. Ақпараттық база Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Еуроодақ және Қытай дәліздерімен өтетін барлық транзитті бақылап, елдер арасындағы алыс- берістің жеделдігін қамтамасыз етеді. Яғни, бұл әлемнің кез келген нүктесінен тасымалдау қатысушыларына жол мен жүк құжаттарын рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, келесі жылдан бастап түркі елдерінде көлік-логистикалық тізбегінің бірыңғай стандартары ендірілмек. Бұл Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің өзара сауда-экономикалық байланысын ынталандыратын рұқсат алу үрдістерін оңтайландырылады. Елімізде көлік саласында қолға алған сандық жобалар жайында бейінді ведомства мәлімдеді. Мәселен, жақында өзен мен теңіз кемелерінің қозғалысы арнайы навигациялық жүйемен басқарыладыы. Ал Ақтау мен Құрық теңіз порттарында өндірістік үрдістерді автоматтандыру және Орта дәліз бойынша жүктерді тасымалдауды жеделдету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Цифрлық шешімдер халықаралық контейнерлік тасымалдар саласындағы көрсеткіштердің жақсаруына әсер етті. Қытаймен бұндай тасымал көлемі биыл 9 айда бірден 27 есеге өсті.
Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:
- Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік тасымалдар көлемі 62% өсті. Бұл жақсы көрсеткіш. Жалпы бізде барлық бағыттар экспорт және импорт бойынша да өсім байқалады. Негізінен ол цифрлық тұғырнамалармен байланысты. Отандық өнім экспорты 22% артты. Жыл соңына дейін барлық бағыттар бойынша қарқын артады деп ойлаймыз. Бұл көлік нысандарының барлық түрлеріне қатысты деуге болады. Алдын ала есептеулерге сай, орташа өсім әуе арқылы 15-20%, темір жол бойынша 30%, ал автокөлікпен 30-40% жетеді деп күтілуде.
Қасым Тілепов, ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары:
- Контейнерлік жүктер ай сайын өңделеді. Егер алдыңғы жылдары біз арқылы 1-2 контейнерлік пойыз өтсе, бүгінде олардың саны 40 жетті. Тіпті өткен бір айда Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тиелген 50темір жол нысаны өткізілді. Сонымен қатар, өзбекстандық автотасымалдаушылар да осы халықаралық дәлізді ауыр жүк көліктерінің жүруі үшін пайдаланады.
Жеңіс Ермұқанов.