Астанада Antifraud Forum Kazakhstan форумы өтті

Астанада Antifraud Forum Kazakhstan форумы өтті

Қазақстан киберқауiпсiздiк саласында өзiнiң цифрлық шешiмдерiн әзiрлеуге ниетті. Бұл ретте тек деректерді ғана емес, мемлекеттік органдарды, бизнесті және азаматтарды қорғауға қабілетті отандық технологияларды дамытуға басымдық берілмек. Осыған орай, кибертәуелсіздікті күшейту мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ұлттық өнімдерге көшу көзделіп отыр. Бұл тақырып AntiFraud Forumда талқыланды. Қаржы секторы мен сандық ортадағы алаяқтыққа қарсы іс-қимылға арналған салалық алаң банктер, финтех-компаниялардың өкілдері мен киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшылардың басын қосты. Жиынға қатысушылар қаржы институттарының киберқауіптерге тұрақтылығы, озық технологияларды енгізу, салааралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе, Түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдерінің ықпалдастығын дамытуға мән берілмек. Сарапшылардың айтуынша, киберқұралдардың трансшекаралық сипаты тек мәліметтер алмасуды ғана емес, сонымен қатар жеке қорғаныс шешімдерін енгізуді де талап етеді. Әлемдік стандарттарға толығымен сәйкес келетін қазақстандық әзірлеменің бірі - security-токен. Ол дербес деректер және корпорациялардың түрлі құрылымдарының мәліметтерін қорғауға бағытталған.

Руслан Тургульдинов, Tsarka Group бас директорының орынбасары:

- Дәл осы өнімдерді қорғау және алаяқтыққа қарсы әрекет ету үшін біз security токен жобасын қолға алдық. Ол TAUTAN деп аталады. Бұл шағын флешка іспетті құрылғы. Яғни, әдеттегі SMS пен қоңырау шалу арқылы тексерістерді алмастыратын бірнеше деңгейлі қорғаныс құралы. Ол FIDO2 алгоритмі сынды озық технологияға негізделген. Бұл бүгінгі таңда ең қорғалған кілттерді шифрлау алгоритмі. Біздің өнім нарыққа шықты, барлық елдерге қолжетімді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?