Қазақстандағы екінші атом электр станциясы да Алматы өңірінде
салынады. Тиісті қаулыға ел Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Құжатқа
сай ол аталған аймақта тек Жамбыл ауданында бой түземек. Қаулы 26 қаңтарда
күшіне енді. Айта кетейік, елдің оңтүстігін қуатпен жабдықтаудың сенімділігі
мен тұрақтылығын арттыру үшін екі атом электр станциясын да бір өңірде орналастыру
шешімі жөн деп табылған. Еске салайық, былтыр тамызда Алматы облысындағы Үлкен
ауылы маңында Қазақстан тарихында алғашқы атом электр станциясының құрылысы
ресми басталған болатын. Бұл жобаны «Росатом» бастаған халықаралық консорциумы жүзеге
асырып жатыр.

