Қазақстанда ғылыми
зерттеулер мақсатында жасанды интеллект модельдерін оқыту деректерін пайдалану
тәртібі реттеледі. Сонымен қатар электрондық үкімет деректерін ұлттық
тізілімдерге сәйкес бағалайтын дата-бақылаушылар институты енгізіледі. Мәжіліс
мемлекеттік статистиканы жетілдіруге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда
мақұлдады. Депутаттар үлкен деректер мен цифрландыру дәуірінде ақпарат жинаудың
ескі әдістері өзектілігін жоғалтады деп санайды. Сондықтан өздері бастамашылық
еткен құжат арқылы деректерді басқару талаптары үкіметтің қаулысымен
бекітілмек. Әкімшілік деректердің сапасын бақылау күшейеді. Сондай-ақ балама
деректер ұғымы енгізіледі.
Екатерина Смышляева,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Бюромен келісім
бойынша мұндай деректер статистикалық есептерді жасау және деректерді талдау
үшін ұсынылатын болады. Ұлттық анықтамалық ақпарат ұғымы енгізіледі. Бұл жіктеуіштер,
каталогтар, анықтамалықтар мен номенклатуралардың жиынтығы. «Ұлттық
регистрлерге» құқықтық мәртебе беріледі. Бұл электрондық үкімет архитектурасы
шеңберінде барлық салалар бойынша эталондық деректерді қамтитын базалар. Қайталану,
дұрыс емес мәліметтер мен жалған ақпарат болмайды.