Астанада халықаралық E-LIGHT форумы өтті

Астанада халықаралық E-LIGHT форумы өтті

Қазақстан мен Қытай энергетика секторындағы байланысты жастар диалогы арқылы нығайтуға ниетті. Астанада E-LIGHT халықаралық жастар форумы өтті. Бұл Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының бастамасы.  Жиынға 100 тарта делегат шақырылған, олардың қатарында сала мамандары, мемлекеттік институттар мен дипломатиялық корпус өкілдері бар. Форумда Орталық Азия мемлекеттері мен аспан асты елі арасындағы энергетикалық Жібек жолының болашағы, экономикаға цифрлық шешімдер ендіру және жастарды кәсіби дамыту мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушы жастар осы мақсаттағы ниеттестіктерін айғақтайтын ортақ декларация жариялады.


Хунцзинь У, CNPC сыртқы байланыстар жөніндегі бастығы:


- Біз үшін бұл жиынның Қазақстанда өтуі, осы елдің өз диалог алаңын ұсынғаны аса маңызды. Біз өз компаниямыздың қазіргі жетістіктерін ғана емес, болашақта қай бағытта дамуды қалайтынымызды көрсеткіміз келеді: цифрландыру, жаңа технологиялар, ортақ энергетиканы дамыту және жастардың мәдени байланысына үміт артамыз. Бүгінгі декларацияны қабылдау, жастарға бірлескен жобаларды белсенді атқаруға және елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.


Ержан Әбілханов, CNPC International Kazakhstan басқарушы директоры:

- Бүгінгі форум мақсаттарының бірі өзара серіктестеріміздің болашағын ортақ арнаға бағыттау. Біз тек өндірістік, техникалық мәселелер бойынша ғана емес, сонымен қатар, алдағы 5, 10, 20 жылға арналған өз идеялары мен болжамдарымен бөлісуге дайын ғылыми қоғамдастық өкілдерімен пікір алмастық. Бұл бізге жасанды интеллект, цифрландыру, сондай-ақ автоматтандыру бойынша жұмыс стратегиясын нақтылауға оң ықпалын тигізеді деген үміттемін. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?