Өткен 9 айдың ішінде Қазақстанның экономикасы 3% артқан. Өсім қызмет көрсету, сондай-ақ шикізаттық емес секторларда тіркелген. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, тұрақты түрде дамуды экономиканың нақты секторы қамтамасыз етіп отыр. Еліміздің қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік артып, өсім 2,3% жеткен. Сонымен қатар ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен қамту және өңдеу өнеркәсіптері сынды бағыттардың көрсеткіштері де қарқынды дамып келеді. Бұған қоса агроөнеркәсіптік кешенде айтарлықтай ілгерілеушілік байқалады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов