Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы 20 жыл ішінде Қазақстандағы жобаларға 9 млрд доллардан астам қаржы бағытталған. Еліміз ортақ мақсаттарға жету үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен және бағдарламаға қатысушы елдермен әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниетті. Осылайша, республика қайта өңделген өнім үлесін арттыруға, экспорт құрылымын белсенді түрде өзгертуге және оның көлемін ұлғайтуға баса назар аудара отырып, агроөндірістік кешенді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, Орталық Азия мемлекеттерінің көлік қатынасы мен энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүдделі. Бұдан бөлек Қазақстан өңір елдері мен халықаралық қаржы ұйымдарын бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін күш біріктіруге шақырады.
Әсел Күшенғалиева