2024 жылдың басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 трлн 600 млрд теңгеге жетті. Алғашқы жарты жылдықта бұл көрсеткіш 3,4% өсті. Ол мал шаруашылығы өндірісінің артуына да, өсімдік шаруашылығы көлемінің өсімімен де байланысты. Бүгінде еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі агросектордағы өндіріс тиімділігін арттыру мен бизнеске жасалатын жағдайды жақсартуға арналған бірқатар шараларды қолға алды.
Олжас Тілебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:
– Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит берудің көлемі алғаш рет 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Үкімет жыл басындағы жеңілдікті қаржыландыруды 180 млрд теңгесіне қосымша фермерлерді жылдық таза 5%-бен кредит беру үшін қосымша 400 млрд теңге тартуды толық қамтамасыз етті. Жеңілдікті қарыз қаражатының жеткілікті көлемде болуы фермерлерге жоғары өнім алу үшін технологияларды сақтауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, қарыз алуды жеңілдету үшін тағы бір қаржыландыру арнасы – өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары тартылды.
Айта кетсек, ауыл шаруашылығындағы өсім, әсіресе, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Атырау облыстарында байқалады. Одан бөлек, Үкімет өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарды әзірледі. Ол өңделген өнімнің көлемін сол мерзімде 70% дейін арттыруға көмектеседі. Оны жүзеге асыруға 372 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Оның 150 млрд-ы жобаларға инвестиция салуға бағытталады.