Қазақстан экспортының 35% шикізаттық емес тауарлар

Қазақстан экспортының 35% шикізаттық емес тауарлар

Қазақстандық дайын өнімдерге сұраныс артып келеді. Былтыр шикізаттық емес тауарлар экспорты 12% артқан. Биылдың тек екі айында сыртқа құны 3,6 млрд доллар өңделген өнім сатылған. Бұл ретте қайта өңдеу, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі көш бастап тұр. Осылайша, отандық шикізаттық емес экспорттың үлесі 35% жетті. Бізден көбіне Ресей, Қытай Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан импорттайды. Жергілікті кәсіпкерлер өткен жылы алғаш рет Мавритания, Лаос, Ямайка, Габон және Зимбабва нарықтарына шықты.  

Бауыржан Болғанисов, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің экспортты ілгерілету департаментінің директоры: 

- Сондай-ақ, Қазақстанның елшіліктерінде 5 мемлекеттегі Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері тағайындалды. Ол Үндістанда екі өкіл, ҚХР екі өкіл және Түркия, Иран, БАӘ. Сонымен қатар, біз қазір ірі Қытай нарығында өте қарқынды жұмыс жасаудамыз. Министрлік сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақтар нысанында трансшекаралық хабтарды құру және дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. 

Айтмұхамед Алдажаров, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры  

- Бүгінгі таңда біз қазақстандық тауарларды JD.com, Douyin, Europages, Alibaba.com. сынды ірі маркетплейстердің ұлттық павильондарында ұсынамыз. Яғни, отандық өнімдер онлайн саудада да сұранысқа ие. Бұл алаңдар цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, тауарды шекарадан өткізбей-ақ экспортты белсенді түрде ілгерілетуге көмектеседі. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?