Қазақстанның білім сапасын бағалау жүйесі әлемдік стандарттарға сәйкес деп танылды

Қазақстанның білім сапасын бағалау жүйесі әлемдік стандарттарға сәйкес деп танылды

Оқушылардың білім сапасын бағалаудың қазақстандық құралы халықаралық аккредитациядан өтті. Бұл туралы еліміздің оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Салалық ведомства мәліметінше, республика 2 жылдың ішінде аккредиттеудің 7 кезеңін сәтті жүзеге асырған. Бұл қатарға бағалау шеңберін әзірлеу, тест сұрақтарын құру, тестілеуді әзірлеу, тест тапсырмаларын іріктеу, цифрлық тұғырнамада тестілеуді басқару, нәтижелерді талдау мен бағалау жүйесін құру кіреді. Жалпы аталған мониторинг бойынша сауаттылықтың үш бағытына бағалау жүргізіледі. Ол – оқу, математикалық және жаратылыстануға қатысты саралаулар. Яғни, оқу бағдарламаларының тиімділігін, білім беру жүйесінің күшті және әлсіз тұстарын анықтауға, оның сапасын жақсарту бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Жалпы бұл жүйе PISA, TIMSS, PIRLS сияқты халықаралық зерттеулерде қолданылатын ғылыми негізделген озық тәсілдерге толық сәйкес келеді.

Динара Әбілқанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы:


- Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығымен құрған ынтымақтастық нәтижесінде біз екі жылда тест тапсырмаларын бағалаудың жүйесін озық әдістерге негіздеп жетілдірдік. Әкімшілендіру үрдісі, білім беру жетістіктерін бағалау стандартталған және тиісті сапа белгісіне ие болды. Аккредитациядан өту білім беру сапасын бағалаудың қолданыстағы жүйесін жаңа деңгейге шығарады.  Яғни, енді ол Орталық Азия өңіріндегі бірлескен жобалар үшін негіз бола алады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?