Қазақстанда альцгеймер ауруын диагностикалауға арналған препарат шығарылады

Қазақстанда альцгеймер ауруын диагностикалауға арналған препарат шығарылады

Қазақстанда келесі жылдан бастап Альцгеймер ауруын диагностикалауға арналған радиофармпрепарат шығарыла бастайды. Өндірісін Алматыдағы Ядролық физика институтының базасында жолға қою жоспарланған. Бүгінде технологиялық платформа дайын. Қазір отандық инновациялық әдісті тіркеу кезеңдері жүріп жатыр. Бұл туралы Президент ауруханасының Ядролық медицина орталығының басшысы мәлімдеді. Айгүл Сәдуақасова орталықта қатерлі ісік ауруларын анықтау  үшін 10 радиофармпрепарат қолданылатынын айтады. Оның 7-уі аталған емдеу мекемесінің циклотронды-өндірістік кешені базасында шығарылады. Самарий-оксабифор жаңа радиофармпрепараты  сүйек метастаздарын емдеуге арналған. Әзірге бұл озық препарат Өзбекстаннан сатып алынады. Келесі жылы өзіміз де оны экспорттауға мүмкіндік аламыз. Ол ауырсынуды азайтып, сүйектің бұзылуын тежейді. Сау тіндерге зақымы жоқ. Жалпы осы қауіпті дертке шалдыққан науқастардың жағдайын едәуір жақсартады. Бүгінде бұл тың әдіспен тоғыз адам емдеу курсынан өтті. Қазір бұл препаратқа сенім артқан пациянттер қатары артып келеді. Ядролық медицина орталығының мәліметінше, жыл сайын 10 мыңнан астам пациент тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ПЭТ-КТ-диагностикасының көмегіне жүгінеді.

Айгүл Сәдуақасова, ҚР ПІБ МО ядролық медицина орталығының басшысы:

- Самарий бірегей препарат. Ол сүйек метастазына кіргенде сау тіндерге зақым келтірмейді, бірақ бұзылған сүйекте немесе сүйек тінінде метастатикалық ісік бар жерде жиналып, оларды жоюға қабілетті. Біз бұл озық әдістемені былтырдан бастап енгіздік. Биыл оны жалғастырудамыз. Қазір біз Денсаулық сақтау министрлігімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тариф құру бойынша бірлескен іс-қимылдар жүргізіп жатырмыз.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?