Астана кезекті рет жас таланттар мен инновациялық идеялар тоғысқан
алаңға айналды. Қазақстанның бас шаһарында Орталық Азиядағы ең ірі ALEM TECH
FEST 2026 фестивалі өтуде. Ауқымды шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,
Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан 5 мыңнан астам оқушы жиналды. Үш
күн ішінде техно-форумға қатысушылар жасанды интеллект, дрон және робототехника
саласындағы өз өнертабыстарын көрсетеді.
Асылбек Мырзахметов, Alem Tech Fest
ұйымдастырушысы:
- Біз бұл чемпионатты 6-шы рет өткізіп
жатырмыз. Командалар қыркүйектен қаңтарға дейін іріктеліп,
88 кіші чемпионат өтті. Олардың ішінен
ең үздіктері осында жиналып, әлемдік сайыстарға іріктеуден өтеді. Ең ірі
чемпионат сәуірде Хьюстонда өтеді. Біз оған 25 команданы іріктейміз. Биылғы
тақырып археологиямен байланысты, тиісінше командалар осы бағыттағы шешімдерін
ұсынады.
Алматылық команда мұндай мәселенің бірі
ретінде тарихи құндылықтардың бүлінуіне әкеліп соғатын артефактілерді қылқалам
мен шпатель арқылы тазалау тәсіліне балама ұсынды. Енді
робот-конвейердің көмегімен жәдігерлерді сақтау жеңілдейді. Жас
өнертапқыштардың айтуынша, жасанды интеллект базасындағы автоматтандырылған
жүйе лентадағы заттарды сканерлейді, ластануын анықтап, оларды өңдеп тазалауға
жөнелтеді. Инновациялық өнертабысты Орталық Азияда алғаш рет Қазақстан
аумағында қолдана бастайды.
Екатерина Леонтьева, Команданың мүшесі:
- Құрылғы 4 модульден тұрады, оларды алмастыруға,
алып тастауға немесе біріктіруге болады, бірінші модуль - жәдігерді талдайды,
жасанды интеллекті бар камера және түрлі датчиктер оны сканерлеп көлемін,
тығыздығын анықтайды. Содан кейін тазарту басталады. Біз
өз жобамызды көптеген ғалымдар ұсынып, олармен кеңестік. Назарбаев
Университетінің 20 жылдық тәжірибесі бар археологтарға, Гарвард зерттеушілеріне
көрсеттік. Олар біздің жоба артефактілерді тазартуға кететін уақытты қысқартуға
көмектесетінін және сол уақыт ішінде көбірек аумақты зерттеуге мүмкіндік
беретінін растады. Біз жобамызды осы жазда тәжірибеден өткізуге келістік.

