Қазақстанда құрылыс барысын, жылу желілерінің жағдайын бақылау және жер қойнауын пайдалану саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылатын болады. Қазір Ақмола өңірінде «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы іске асырылуда. Облыстың Цифрландыру және архивтер басқармасының мәліметінше, олар нақты уақыт режимінде құрылыс барысын бақылау, яғни мектептер мен күре жолдарды салу жұмыстарын қадағалауда кәдеге жаратылмақ. Заманауи технология бар үрдістің ашықтығын қамтамасыз етіп, олардың тиімділігін арттырады және шешім қабылдауды жеделдетеді. Сонымен қатар, дрондарды Солтүстік Қазақстан аймағында да тасқын жағдайына мониторинг жасау үшін қолдану жоспарланған. Ал, Түркістан өлкесінде қытайлық компания дрондар өндірісін бастауға ниетті екенін білдірді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

