Қазақстанның ӘӘК көлік паркі жаңа ұшақпен толықты

Қазақстанның ӘӘК көлік паркі  жаңа ұшақпен толықты

Қазақстанның әскери-әуе күштерінің паркі жаңа ұшақпен толықты. Елімізге Испаниядан заманауи А-400М ұшағы жеткізілді. Өз сыныбындағы ең озық  әскери техника отандық қорғаныс күштерінің ұтқырлығын едәуір арттырады дейді мамандар. Ол жеке құрамды, ауыр жүктерді, техниканы тасымалдауға, гуманитарлық операциялар шеңберінде түрлі міндеттерді орындауға арналған. Әскери көлік нысаны 37 тоннаға дейінгі жүктерді тасымалдауға қабілетті. Ал жылдамдығы сағатына 802 км жетсе,  ұшу биіктігі 12 200 м құрайды.  Сондай-ақ 8 мың шақырымдық қашықтыққа дейін ұша алады. Бұдан бөлек ол арнайы дайындалмаған әуе айлақтарынан да әуеге көтеріле алады. 2026 жылы дәл осы ұшақтың енді бір данасы елімізге жеткізіледі. Ұшу және техникалық құрамдар оны басқару және қызмет көрсету бойынша дайындықтан өтті. 

 

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Қазақстан армиясы жаңа әскери ұшақпен толығып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскерді осы заманғы қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз етуді тапсырды. Осы жолда біз жоспарлы жұмыс жасап келеміз.

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?