Қазақстанда грейг қызғалдағы гүлдеді

Қазақстанда грейг қызғалдағы гүлдеді

Қазақстанның оңтүстігі де шетелдік туристер үшін аса тартымды аймақтардың бірі. Саяхатшылар Жамбыл, Түркістан және Қызылорда өңірлеріне қызғалдақ гүлдерін қызықтауға арнайы келеді. Ел аумағында бұл әсем өсімдіктің  35 түрі тамыр жайған. Оның 18-і Қызыл кітапқа енгізілген. Ерекше атап өтер жайт, қызғалдақтың көпшілік сұрпы – жабайы тұқым. Мәселен, еліміздің оңтүстігінде дала жауһарының Кауфман, Регель және Грейг түрлері кең таралған. Соңғысы тіпті қызғалдақтар патшасы деп те аталып кеткен. Сәуір айының басында гүлдеп, маусым айына дейін жайқалып тұратын бұл сұрып бойы аласа болса да, көздің жауын алады. Грейг, тіпті, голландиялықтарды да таңқалдырады.

 

Алмас Толықбаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

– Менің достарым мен таныстарым басқа қалалардан келіп жатыр. Алаңды арнайы көру үшін Алматыдан достарым келді. Міне енді, Астанадан келіп жатыр. Мен бүгін арнайы жалғыз өзім осында келдім. Бағытты толықтай зерттеп, геолокация бойынша қалай келуге болатынын да анықтап көрмекпін.