Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады. Жуырда аталған орталық еліміздің медицина тарихында алғаш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салатын күрделі операцияны сәтті өткізді. Президент хирург Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жасалған операцияны отандық медицинаның зор жетістігі ретінде бағалап, ұжымға Алғыс хат жолдады. «Қазір еліміз өте күрделі трансплантациялық операция жасайтын әлемдегі алты мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл жетістікке отандық мамандардың, соның ішінде өздеріңіздің теңдессіз тәжірибелеріңіздің арқасында жетіп отырмыз. Болашақта да халқымызға қалтқысыз қызмет ете бересіздер деп сенемін» делінген Алғыс хатта. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?