Қазақстан көмір химия өнеркәсібін дамыту үшін инвесторларды белсенді түрде тартуға ниетті. Осылайша алдағы уақытта бұл бағытта кемінде 12 млрд доллар қаржы бағыттау көзделіп отыр. Шетел капиталының қатысуымен елде бірден 15 ірі жоба іске қосылады деп күтілуде. Астанада бас қосқан отандық сала мамандары, экономистер, бизнес өкілдері мен халықаралық серіктестер өнеркәсіптің жаңа түрін дамыту жолдарын қарастырды. Айта кетейік, бүгінде республикада 50-ге жуық көмір кәсіпорны бар. Оның бесеуі қатты отынды өңдеудің жаңа желісін іске қосу мүмкіндігіне ие. Жалпы, Қазақстан қазіргі таңда қойнауында 33 млрд тоннадан астам ең үлкен көмір қоры бар және жыл сайын 100 млн тоннаға дейін осы шикізат түрін өндіре алатын әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кіреді. Сарапшылардың пікірінше, елімізде бәсекеге қабілеттіэкспортқа бағдарланған өнімдердің 400-ден астам түрін шығаруға болады.
Азамат Панбаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің
төрағасы :
-Бұл ретте ең алдымен кокс өндірісінен бастап одан әрі бензол, параксилол сынды
қатты отынан алынатын химия өнеркәсібіне қатысты басқа да дайын өнімдердің сан
түрін атап өтуге болады. Жалпы, мемлекет
тарапынан бірнеше бағытта қолдау жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда дайын инвестициялық жобаларға тиісті
инфрақұрылымдар қарастырылған. Осыған байланысты газ, электр қуаты, темір жол,
автомобиль жолдары, индустриялық аймақтар немесе арнайы экономикалық аймақтар
үшін тиісті жер телімдері бөлінген. Қолжетімде деңгейде жеңілдік шаралары
қарастырылған.