Алматыда Жошы Ұлысы кезеңіне арналған көрме ашылды. Келушілер назарына Алтын Орданың мәдениеті мен тұрмысын бейнелейтін жәдігерлер ұсынылды. Олардың арасында Жошы хан мен Болған ана кесенелерінің маңынан табылған сән бұйымдары мен тақтайшалар бар. Сондай-ақ, көрме қонақтары күмістен, мыстан жасалған тиындарды да көре алады.
Әбілсейіт Мұхтар, Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының директоры:
- Сарайшықта табылған
тиындарды әкелдік. Сонымен бірге, соңғы қазбаларда табылған ангондар,
свераконустарды әкелдік. Бұлардың барлығы бірегей жәдігерлер.

