Қасым-Жомарт
Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды. Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары
Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты. Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент
Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды. Мәртебелі
мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен оқ атылды.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт
Тоқаевқа қошемет көрсетті. Айта кетейік, ертең тараптар келіссөздер жүргізіп,
екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық
ынтымақтастықты нығайту әлеуетін талқылайды.

