Еуро Одақ елдері Орталық Азиядағы экологиялық жобаларды қолдайды

Еуро Одақ елдері Орталық Азиядағы экологиялық жобаларды қолдайды

Орталық Азиядағы экологиялық жобаларды Еуропалық одақ елдері қолдауға дайын. Кәрі құрлық ұйымы өкілдері Астанада өңірдің су ресурстары, энергетика және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өткен кеңесте осындай ниеттерін білдірді. Мәселен, Славакия мен Қазақстан Өңірлік экологиялық саммит алаңында осы салада өзара ынтымақтастық меморандумын жасасты. Әңгіме су секторын цифрландыру, су қоймаларын есепке алу және мониторинг жүйелерін енгізу, сондай-ақ гидротехникалық нысандар мен трансшекаралық арналарды автоматтандыру туралы болып отыр. Италия тарапы да Арал аймағын қалпына келтіруге бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Жалпы бүгінге дейін Су ресурстары, энергетика және климат саласындағы «Еуропа командасы» Орталық Азиядағы экологиялық жобаларға 5 млрд еуроға жуық инвестиция салған.

Франческо Корваро, Италияның Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі арнайы уәкілі:

- Біздің алдымызда тұрған климаттық дағдарыс күш біріктіруді талап ететінін мойындау қажет - Еуропалық одақ, сондай-ақ Қазақстан және Орталық Азияның басқа да мемлекеттері бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Италия бұл өңірдегі Арал теңізінің ерекше экологиялық теңгерімінің маңыздылығын мойындайды. Сондықтан да сыртқы істер министрінің орынбасары Чириелли осы аумақты қалпына келтіруге бағытталған жеке жобаға бастамашы болды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?