Азаматтық авиация академиясының тұңғыш әйелдер экипажы аспанға көтерілді

Азаматтық авиация академиясының тұңғыш әйелдер экипажы аспанға көтерілді

Азаматтық авиация академиясының тарихында тұңғыш әйелдер экипажының алғашқы рейсі жасалды. Кілең нәзік жандылар құрамы: нұсқаушы-ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина Тараздағы аэродромнан бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағымен аспанға көтерілді. Айта кетейік, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің сертификаттауынан өтті. Ол халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш болып саналады.