Қазақстанда қоқыстан электр энергиясын өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр

Қазақстанда қоқыстан электр энергиясын өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр

Қазақстанда қоқысты қуат көзіне айналдыратын инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Қытайлық компания Алматыда қалдықтарды кәдеге жарататын зауыт салу үшін 270 млн доллар қаржы құюға ниет білдірді. Премьер-Министр инвестормен кездесіп, жобаны жүзеге асыру барысын талқылады. Кәсіпорын құрылысын биыл маусым айында бастау жоспарланып отыр. Ол тәулігіне 2 мың тоннаға жуық қалдықты қайта өңдеп, 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіруге қауқарлы болады. Инвестор өндірісте қолданылатын технологиялар экологиялық қауіпсіздіктің әлемдік ең жоғары стандарттарына сәйкес келеді деп отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?