Астанада көпфункционалды орталық ашылады. Бұл туралы Қазақстанның Сауда және интеграция министрі
Арман Шаққалиев пен Jiangsu Province SOHO Holdings Group компаниясының вице-президенті Дин Хай талқылады. Айта кетейік, орталық
ашу идеясы Қытайдың Нанкин қаласында «Орталық Азия – Цзянсу» сауда орталығының
ашылу тәжірибесіне негізделген. Бірегей
алаңда Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстан компанияларының өкілдері
орналасқан. Жаңа көпфункционалды орталық құрамында сауда павильоны, мәдениет
орталығы және компания кеңсесі болады. Біздің еліміз жобаны іске
асырудың барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетеді.
Әлия Әбдірахманова, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз
хатшысы:
- Бұл жоба
қытайлық және қазақстандық тауарларды ұсынуға, іскерлік келіссөздер жүргізуге
және халықаралық әріптестермен келісімшарттар жасауға, сауда келісімдерін
жасауға, консалтингтік қызметтер көрсетуге арналмақ. Халықаралық сауда мен бизнесті дамыту үшін маңызды қадам болмақ.
Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара алыс-беріс 27 млрд доллардан асты. Біздің Республикадан аспан асты еліне экспорт 13,5 млрд долларға жетті.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

