Тек өткен қаңтар айында ғана өзге елдермен тауар айналым былтырдың сәйкес кезеңінен 16% -ке жуық ұлғайып, 10 млрд долардан асып жығылған. Дені отандық тауарлар экспорты. Әсіресе, елде өңделген өнімдерге сұраныстың артқаны байқалады. Бұл реттегі өсім 21 жарым процентті құраған. Үкіметте биылдың қаңтар-ақпанындағы елдің жалпы экономикалық ахуалы талқыланды. Екі айда экономикамыз 4,3% жоғарылаған. Әдеттегідей, отандық машина жасау және жеңіл өнеркәсіптің қарқыны жақсы. Өндіріс көлемі үш тен бірге артқан. Нақты сектор мен қызмет көрсету саласының ілгерілегені байқалады. Инвестициялар ағыны да біршама жақсарған.
Әлібек Қуантыров, Ұлттық экономика министрі:
- Негізгі салалардың бәрінде оң динамика байқалып отыр. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсімді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2% құрады. Инветсициялар ағыны көлік және қоймалауда 73%, ауыл шаруашылығында 33%, жылжымайтын мүлік операцияларында 12,1%, сондай-ақ өнеркәсіпте 14,1%. оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 12,2 және өңдеу өнеркәсібінде 7,2% өсті.