Қасым-Жомарт
Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Президентін қарсы алды. Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Режеп Тайип Ердоғанның бортына
Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты. Трап алдында
Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп
Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына «Атажұртқа қош келдіңіз!» деп екі
тілде қошемет көрсетті. Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен
тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті. Әуежай терминалында жас өнерпаздар Түрік
елінің көшбасшысына арнап «Домбыра» композициясын орындады. Еске сала кетейік, Режеп Тайип Ердоған елімізге
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Президентін қарсы алды. Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Режеп Тайип Ердоғанның бортына
Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты. Трап алдында
Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп
Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына «Атажұртқа қош келдіңіз!» деп екі
тілде қошемет көрсетті. Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен
тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті. Әуежай терминалында жас өнерпаздар Түрік
елінің көшбасшысына арнап «Домбыра» композициясын орындады. Еске сала кетейік, Режеп Тайип Ердоған елімізге
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді.

