Қазақстан Президенті АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Мемлекет басшысы халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді
қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын
сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті
Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам
Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы
бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік
пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады.

