Сарапшылар Қазақстанның жаңа институционалдық моделін талқылады

Сарапшылар Қазақстанның жаңа институционалдық моделін талқылады

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясы талқыланды. Халықаралық дөңгелек үстел барысында елдің саяси және институционалдық трансформациясының негізгі бағыттарына сараптама ұсынылды. Құжат қазақстандық және шетелдік мамандардың еңбегін біріктіреді, сондай-ақ реформалардың логикасын, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін және мемлекеттің одан әрі даму әлеуетін баяндайды. Онда институционалдық сәулеттің өзгеруіне және қазіргі заманғы саяси жүйені қалыптастырудағы жаңа институттардың рөліне баса назар аударылған.

Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

- Біз бұл баяндамаға халықаралық қоғамдастық, әріптестеріміз бен сарапшылардың берген бағасын бақылаймыз. Бұл жерде баяндаманың авторлары ғана емес, өзге елдерден, АҚШ-тан, Еуропа одағынан, Азия елдерінен, таяу шетелдерден бірқатар сарапшылар, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан әріптестеріміз байланысқа шығады. Бұл есептік құжат авторлары қатарында біздің институттың ғана емес, басқа да шетелдік институттардың қызметкерлері бар.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Конституцияның өзгеруі тәуелсіздік пен цифрлық дәуірде туып өскен жаңа буынның сұранысымен де байланысты. Жаңартылған Негізгі заң құқықтық құжат, әрі неғұрлым тиімді және ашық мемлекеттік жүйеге деген қоғамдық сұраныстың көрінісі ретінде сипатталады. Әрбір адамның мүддесін басшылыққа алуға, яғни, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепiлдiктерiн күшейтуге, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның өзара iс-қимылының тиiмдi жүйесiн қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Альберто Туркстра, «Diplomatic World» журналы жобаларының директоры /Бельгия/:

- Қазақстанның халқы жас. Орташа жасы - шамамен 30-32-де, яғни халықтың жартысы 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін дүниеге келген. Сондықтан жаңару қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қажет. Мен жаңа Конституцияны азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара артылған үміт пен міндеттерді айқындайтын жаңа қоғамдық шарт ретінде қарастырамын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?