Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға
мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының төрағасы
келеді. Си
Цзиньпиннің елімізге сапары - 2 шілдеде басталады. Бұл
туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қытай басшысы Шанхай ынтымақтастық
ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Саммит Елордада
3-4 шілдеде өтеді. Сондай-ақ, осы уақытта Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы - Антониу Гутерриш
Қазақстанға ресми сапармен келеді.