Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда мемлекеттің әскери әлеуетін арттыру және армияны заманауи қарумен, әскери техникамен жарақтандыру бойынша тиісті шешімдер қабылдады. Президент – Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын жетілдіру бағытында нақты тапсырма берді.