Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Қырғыз көшбасшысымен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екіжақты ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Әңгімелесу барысында өзара ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқаны атап өтілді. Президенттер сонымен қатар жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?