Президент Қытай Коммунистік партиясының өкілін қабылдады

Президент Қытай Коммунистік партиясының өкілін қабылдады

Қазақ-қытай мәңгі әрі  жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдау кезінде айтты. Мемлекет басшысы маусым айында екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін ҚХР Төрағасының сапары аясында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді. Өз кезегінде Лю Цзяньчао Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастыратындығын айтты. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің тауар айналымын ұлғайтып, көлік-логистика, энергетика және жасанды интеллектіні дамыту салаларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға орасан зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?