Қазақстанға саяхаттаушылар саны артып келеді. Елімізге келген қонақтардың
саны 1 млн 100 мың адамнан асып жығылған. Олардың дені – көршілес Қытайдан
келген туристер. Тек 10 қарашадан бері Аспан асты елінің 126 мың азаматы қонақ
болып келді. Бұл туралы Сыртқы Істер Министрлігінің ресми өкілі хабарлады.
Ведомство мәліметіне сүйенер болсақ, Қазақстан мен Аспан асты елі арасындағы
визасыз режим орнағаннан кейін екі ел арасындағы туристік ағын едәуір артқан.
Осылайша, Қытайға сол кезден-ақ, 173 мың қазақстандық саяхаттап барған. Жалпы,
сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның халықаралық аренадағы ашықтығы туризмнің
дамуына ерекше әсер етті. Визасыз режим қазір 80 елдің азаматтары үшін жұмыс
істеп тұр. Олардың қатарына Үндістан да бар. 14 күндік визасыз режимнің
енгізілуі бл елден келушілердің қатарын 3 есе өсіруге мүмкіндік берді. Нақтырақ
айтсақ, 2022 жылы 28 мың адам болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 78 мың адамға
дейін өскен.