Қазақстанда еңбек жағдайлары мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі. Бұл жөнінде Үкімет отырысында салалық министр мәлімдеді. Жоба аясында «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылған датчиктер кәдеге жаратылмақ. Бұл нақты уақытта қауіпті және зиянды өндірістік жағдайлардың жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, елде еңбек тәуекелдеріне уақтылы ден қою үшін кәсіпорындардың бірыңғай цифрлық профилі пайда болады. Ол еңбекті қорғауға байланысты барлық параметрлерді қамтиды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың қызметін тиімді қадағалау үшін технологияны қайта жабдықтандыруға бағытталған Бақылау картасы әзірленді. Мәселен еліміздегі тау-кен металлургия кешенінің ірі кәсіпорындары 2028 жылға дейін өндірісті жаңғыртуға 1,8 трлн теңгеден астам инвестиция салмақ. Бұл қаржы энергия тиімділігін арттыру, экологияға кері әсерді азайту және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталады. Сонымен қатар, енді еңбек қауіпсіздігі мамандары өз елімізде даярланады. Бұл мақсатта елде Халықаралық еңбек ұйымы және Туристік оқу орталығының филиалын ашу жоспарланған.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Халықаралық еңбек ұйымының оқу орталығының филиалын ашу шетелге шығуды қажет етпестен еңбек қауіпсіздігі мамандарын жүйелі және сапалы дайындауды ұйымдастырға, халықаралық озық тәжірибені ескере отырып ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестер, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар арасындағы институционалдық байланыстарды нығайтуға, Орталық Азияда еңбек қорғау саласындағы аймақтық құзырет орталығы ретінде Қазақстанның рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

